Қазақстан Республикасындағы Украина Елшілігі Қазақстандағы Украин үйімен бірлесіп украин лицейінде оқу жылының аяқталуына және Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді. Мерекеге лицей тәрбиеленушілерінің отбасылары мен қонақтар шақырылды. Олардың қатарында Қазақстан дипломаттары жұбайлары қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Житомир және Винница пединституттарының түлектері немерелерімен бірге қатысты.
Балалар мазмұнды әрі қызықты бағдарламаға қатысты: аниматорлармен көңілді ойындар, тартымды квесттер, шоу-бағдарлама, байқаулар, төрт аяқты достармен кездесу, әуе шарлары және шаттық пен қуанышқа толы сәттер.
Ерекше сәттердің бірі – Пётр Яцик атындағы украин тілі бойынша ХХVI Халықаралық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау болды. Ба
...
Читать дальше »