Қазақстан Республикасындағы Украина Елшілігі Қазақстандағы Украин үйімен бірлесіп украин лицейінде оқу жылының аяқталуына және Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді. Мерекеге лицей тәрбиеленушілерінің отбасылары мен қонақтар шақырылды. Олардың қатарында Қазақстан дипломаттары жұбайлары қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Житомир және Винница пединституттарының түлектері немерелерімен бірге қатысты.
Балалар мазмұнды әрі қызықты бағдарламаға қатысты: аниматорлармен көңілді ойындар, тартымды квесттер, шоу-бағдарлама, байқаулар, төрт аяқты достармен кездесу, әуе шарлары және шаттық пен қуанышқа толы сәттер.
Ерекше сәттердің бірі – Пётр Яцик атындағы украин тілі бойынша ХХVI Халықаралық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау болды. Барлық қатысушылар жас дарындарды құттықтап, оларға жаңа жетістіктер мен жеңістер тіледі.
Сонымен қатар Иван Франко атындағы Житомир мемлекеттік педагогикалық институты түлектерінің Қазақстандағы қауымдастығына тәтті сыйлықтар мен мерекеге көрсеткен қолдауы үшін ерекше алғыс білдірілді.
Қазақстан Республикасындағы Украина Елшілігіне түлектерді немерелерімен бірге осы тамаша мерекеге шақырғаны үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз.
Свято для дітей
Посольство України в Республіці Казахстан спільно з Українським домом у Казахстані провели святковий захід, присвячений завершенню навчального року в українському ліцеї та Дню захисту дітей. На свято були запрошені родини вихованців ліцею та гості, серед яких представники Асоціації дружин дипломатів Казахстану, а також випускники Житомирського й Вінницького педагогічних інститутів, які прийшли разом зі своїми онуками.
Діти стали учасниками насиченої програми: веселі ігри з аніматорами, захопливі квести, шоу-програма, конкурси, зустрічі з чотириногими друзями, повітряні кульки та море усмішок і радості.
Особливим моментом стало вручення дипломів переможцям ХХVI Міжнародного конкурсу з української мови імені Петра Яцика. Усі присутні приєдналися до привітань юних талантів та побажань їм нових звершень і перемог.
Окрема подяка прозвучала на адресу Спільноти випускників Житомирського державного педагогічного інституту імені Івана Франка в Казахстані за солодкі подарунки та підтримку свята.
Висловлюємо щиру вдячність Посольству України в Республіці Казахстан за запрошення випускників разом з онуками на це чудове свято.
  


|