Бүгін, 2026 жылғы 29 қазанда, біздің аяулы құрбымыз, Иван Франко атындағы Житомир мемлекеттік педагогикалық институтының 1976 жылғы түлегі Әбенова Қымбат Ақпанбайқызы мәңгілік мекеніне аттанды. Қимас жаннан айырылу – жүрекке ауыр соққы. Әсіресе, жастық шағымыздың ең бір жарқын кезеңін бірге өткізген, бес жыл бойы бір институтта білім алып, бір жатақханада тұрып, қуанышымыз бен қызығымызды бөліскен достарымыздың қатары сиреп бара жатқаны жанымызды жабырқатады. Кеше ғана бірге жүргендей көрінетін сол бір студенттік жылдар бүгінде сағынышқа толы естелікке айналды. Қымбат біздің жадымызда студенттік шақтағы адал дос, ақкөңіл құрбы, айналасына сыйлы, адамгершілігі мол жан ретінде сақталады. Ол достықты бағалай білетін, жанындағы адамдарға құрметпен қарайтын, қи
...
Читать дальше »