14:29
Жеке пікір.

Ұлы Абай дін, тіл туралы айтқаны аксиома емес. Уақыт орнында тұрмайды, заман ақпараттық ағымның ықпалында. Қоғамдық экономикалық формация ауысты. Феодалдық колониялық қазақ қоғамында орыс тілі жедел ақпаратты дамыған европадан алу үшін керек болды. Соны алға тартып Ұлы Абай орыс тілін меңзеді. Қазіргі таңда ағылшын тілі әлемдік деңгейде. Бірақ өз тілімізді өз елімізде жоғары қою, статусын қолдау - әр азаматтың ұлтына қарамай міндеті! Алланың Өзі де рас,Сөзі де рас-деп айтқан Абай заманы тар қапастай қараңғы заман еді. -Қазақ байғұс өнер мен білімді қайдан алмақ?-деп уайым жеген қайран Абай да жол таппай тығырыққа тірелген. От қайрақ жүрегі Шығыс шайырлары мен даналарынан,орыс жазушылары нан,ақылгөйлерінен тәлім іздеді,тапты да. Діннің- тура адал жолдан мұсылманды тайдырмас-деген ойы мен болжамы айнымастай болды,күнәһар адамның Алладан қорқатынын түсінді.
Мына қазіргі жаңа уақыт Қазағымызды ол замандардан ұзатты,орыс әлемінің  құбыжықтай жиренішті мәнсіз дүниесінің жетерлік екенін көрсетті,Ислам Дінін де Құранға кереғар құбылтушылар көбейді. Халқымыз үшін осы тұста-ең басты қымбаты Ана тілі мен жұртымыз ұялмайтын Тарихы мен Өнері мәдениеті мен әдебиеті.
Ғылым іздесек Европа мен Америка тұр,оған жеткізер ағылшын тілі.

Айдаргазы Макишев,

Н.Островский атындағы Винница мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі.

Просмотров: 198 | Добавил: Moder | Рейтинг: 0.4/5
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: