14:50
Жеңіс Күнімен! С Днём Победы!
Құрметті Иван Франко атындағы Житомир мемлекеттік педагогикалық институтының (Қазір ЖМУ) түлектері!Сайтымыздың қонақтары! Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын күллі әлемге танытқан қасиетті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың сол ұлы ерлігін мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Егер аталарымыздың  сол сұрапыл соғыстағы жеңістері болмаса, бүгін жарқын болашаққа батыл қадам жасаған тәуелсіз Қазақстан да болмас еді. Сондықтан Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерекесі қарсаңында біздер сол жеңісті жақындатқан барша ардагер ағаларымыз бен аналарымыз алдында бүгінгі ұрпақ атынан басымызды иіп, осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. Біз есімдері тарихтың бетінен мәңгі өшпейтін аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз.Отты жылдары Қазақстанна миллионнан астам жерлесіміз майданға аттанып, жартысынан көбі үйлеріне оралмады. Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында біз Отан соғысының оқ бораған даласында қаза тапқандардың рухтарына бас иіп, тағзым етеміз. Сіздердің ерліктеріңіз– біздің жүрегімізде мәңгі сақталады, фашизмді жеңген батырлардың өшпес даңқы мәңгі шуақ шашатын болады. Мерекелеріңізбен, қымбатты ардагерлер! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, құт-береке, туғандарыңыз бен жақындарыңызға бақыт тілейміз!
Дорогие выпускники ЖГПИ (ЖГУ) имени Ивана Франко и  гости сайта! Поздравляем всех вас с Днем Победы 9 мая! Мира вам и долгой счастливой жизни!
 
С уважением
редакция сайта
Просмотров: 1699 | Добавил: Админ | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: