22:19
Украинаның Елшісі П.Врублевскийдің ресми құттықтауы

Достар, сайтымыздың қонақтары, сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасындағы Украинаның Төтенше және Өкілетті Елшісі Петро Врублевскийдің Украинаның жоғары оқу орындарының түлектеріне арналған ресми құттықтауын ұсынамыз. Дорогие друзья, гости сайта, предлагаем вашему вниманию официальное поздравление Чрезвычайного и Полномочного Посла Украины в Республике Казахстан Петра Врублевского казахских выпускников украинских вузов. Поздравление дается без перевода, потому что написано только на казахском языке:  Құрметті достар-түлектер! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығына байланысты ізгі ниетті құттықтауымды және игі тілектерімді қабыл алыңыздар. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасы бұрын-соңды болмаған зор жетістіктерге қол жеткізді, халықаралық аренада аса беделді орынға ие болды, аймақтағы мейтінше дамыған мемлекеттердің біріне айналды. Құрметті түлектер, сіздерге үнемі тек алға қарай қарымды қадам баса беруді, өздеріңіздің Тәуелсіз Мемлекетіңіз – Қазақстан Республикасының игілігіне бағытталған дана да нақты шешімдер қабылдап, өршіл жоспарлар мен аса маңызды жоспарларды сәтті жүзеге асыруды, сондай-ақ, бауырлас Қазақстан халқына бейбіт өмір және гүлдену мен өркендеуді тілеймін.

 

Құрметпен,

Қазақстан Республикасындағы

Украинаның Төтенше және

Өкілетті Елшісі, Петро Врублевский

 

Просмотров: 604 | Добавил: Админ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Гуля  
Рахмет. Тәуелсіздік күні құтты болсын.

Имя *:
Email *:
Код *: