21:25
Мемлекет басшысының Қазақстан мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Қадірлі жамағат! Ардақты мұсылман бауырлар! Сіздерді ұлық мереке - Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Адамды имандылық пен ізгілікке тәрбиелейтін асыл дініміз - исламды бүгінде Қазақстан халқының басым көпшілігі ұстанады. Еліміздегі мұсылман қауымы республикамызды мекендеген өзге дін өкілдерімен өзара бірлікте тіршілік етіп, тату-тәтті өмір сүріп келеді.
Бүгінде Қазақстанда ислам діні қанат жайып, елімізде 2300-ден астам мешіт мұсылман қауымы үшін ғибадат үйіне айналып отыр. "Нұр-Мүбәрак" ислам мәдениеті университеті және еліміздің түрлі өңірлерінде 7 медресе жұмыс істеп, шәкірттер тәрбиелеуде.
Осыдан төрт жыл бұрын біз Құрбан айтты арнайы мереке ретінде жарияладық, сол уақыттан бастап бұл күн бүкіл мұсылман жамағаты үшін ресми мейрам ретінде тойлана бастады.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан жетекші мұсылман елдерімен дипломатиялық байланыс орнатты. Олардың басшылары да әлемдік мұсылман қауымдастығына тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қосылғанына ризашылық білдіріп, айрықша құрмет көрсетіп келеді.
Қазақстанның 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық ететіндігі - осы құрметтің бір айғағы.
Бүгінгі ұлық мейрамда құрбандық шалудың ең ізгі амалы - жетім-же­сірлерге қолұшын созу, араздасқанды татуластыру, адамзатты бейбіт өмір сүруге шақыру сияқты имандылық істермен астасып жатыр. Ендеше, ниет­теріңіз қабыл болсын, Алла тағала халқымызға нұр-шапағатын төге берсін.
Барша қазақстандықтардың отбасыларына береке-бақыт, амандық пен дендеріңізге саулық тілеймін.
Н.Ә.НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті

Просмотров: 1528 | Добавил: Moderator | Теги: назарбаев | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: