09:28
Жарылғасов Қайыркен Қасымұлы

Жарылғасов Қаиркен Қасымұлы 1954 жылғы 7 қаңтарда  Түлкілі ауылы, Щучье(Бурабай) ауданы Көкшетау (Ақмола) облысында көп балалы мұғалімнің жанұясында дүниеге келген. 1960 жылы мектеп табалдырығын аттап, алғашқы үш класты ауыл мектебінде бітірді. 1963 жылдан 1970 жылдар арасында Щучье қаласындағы қазақ орта мектебінде оқып, онжылдықты аяқтады. 1970 жылы Шымкенттегі Қазақ Технология институтына құжат тапсырып емтиханда сүрініп, осы облыста,  Қызылқұм ауданы, Аққұм Қаракөл қой кеңшарында С. Сейфуллин орта мектебінде еңбек жолын бастады. 1971 жылы Шымкент педагогика институтына орыс филологиясы факультетіне оқуға түсіп, Украинадағы Житомир қаласындағы педагогикалық институтына оқуға жіберілді. 1977 жылы Иван Франко атындағы Житомир мемлекеттік педагогикалық инститтының филология факультетін тәмамдады. Қызылорда, Павлодар облыстарында жұмыс істеп, кәсіптік-техникалық училищеде сабақ берді. 1987 жылдан Көкшетау қаласында тұрады. 1997жылға дейін ұстаздық қызмет істеп, осы жылдан бастап жеке кәсіпкер. Қазір зейнетте жүрсе де еңбек істеп, жұмыс орындарын ашуда. Жанұясы, балалары, немерелері бар. Қолы бос кезде әдебиетпен шұғылданады. Әңгімелері, зерттемелері баспасөзде жарияланып тұрады.

 

Просмотров: 291 | Добавил: Админ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Nomad  
Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа, жаныңыз жәннатта болсын, қайран Қайреке.

Имя *:
Email *:
Код *: