13:41
Қозыбақ Өмірхан Жүндібайұлы

Қозыбақ Өмірхан Жүндібайұлы - Түркістан облысы, Жетісай ауданындағы Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясының директоры. Ұлты қазақ, білімі жоғары - 1971 жылы ЖГПИ-дің филология факультетін бітірген, мамандығы - орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі. Ө.Ж.Қозыбақ 1947 жылы Түркменстанда, Ашхабадта туылған, ата-анасы кейін Оңтүстік Қазақстанға қоныс аударған Еңбек жолын Өмірхан Жүндібайұлы 1971 жылы Жетісай ауданындағы “Қазақ ССР-інің 40-жылдығы” (қазіргі Н. Ондасынов атындағы ЖОМ) орта мектебінің мұғалімі болып бастаған.1972 - 1979 жылдары Жетісай аудандық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің инструкторы, ал 1979 - 1985 жылдары мектеп директоры; 1985 - 1988 жылдары Орал облысындағы Фурманов аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Ө. Қозыбақ 1988 жылдан бүгінге дейін, яғни 30 жылдан бері ауысымсыз Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясының директоры. Оның басшылығындағы ұжым 2013 жылдан бері Қазақстан Республикасында «Ең үздік 10 мектеп» қатарында келеді. ҰБТ ендірілген 2003-2004 оқу жылынан бергі 16 жыл ішінде аталмыш мектеп-гимназияны 1043 жас түлек аяқтап, оның 997-і ҰБТ сынағына қатысқан. Сынақ қорытындысы бойынша 320 оқушы «Алтын белгі», 176 оқушы үздік аттестат атанды, 731 оқушы мемлекеттік грантпен жоғары оқу орындарына түсті. Ал соңғы 2018-2019 оқу жылындағы ҰБТ сынағына бұл гимназиядан қатысқан 64 оқушының 45-і «Алтын белгісін», 17-і үздік аттестатын қорғай алды, мектеп бітірушілердің барлығы мемлекеттік грант иегерлері болды. Міне осындай ұзақ жылғы білім беру саласындағы жоғары көрсеткіштері үшін Қозыбақ Өмірхан Жүндібайұлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз қолынан «Құрмет» орденін алып, қабылдауында болды. Бұған қоса ол «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Ы.Алтынсарин» медалінің, «Мәртебелі мектеп директоры» төсбелгілерінің иегері, 2018 жылы республикалық «Егемен елдің 100 қайраткері» атты танымдық энцеклопедияға және «Лучшие в образовании» атты үлкен Халықаралық энцеклопедияға енген.

Ол Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының Құрметті азаматы.

Просмотров: 240 | Добавил: Moderator | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: