20:57
Жеңіс күнімен! С Днем Победы!

Екінші дүниежүзілік соғыстың бөлігі ретінде Ұлы отан соғысындағы  Жеңістің 80 жылдығымен құттықтаймыз! Қазақстаннан 1200 000 адам әскерге шақырылған, солардың жартысы қайтып оралмады. Миллиондаған адам қаза болды, солардың ішінде мыңдаған қазақтарымыз да көз жұмды. Жауыз биліктің кесірінен, қарудың жетіспеушілігінен, әскери дайындықсыз майданға түскен талай қазақтар оққа ұшты. Бірақ соғыстың қай майданында болсын ата-бабаларымыз өздерін көрсете білді.Ең шешуші кезеңдерде Қазақстанда құрылған әскерлер алдыңғы сапта тұрды.
Еуропада 8 мамырда, ал Елімізде 9 мамырда атап өтілетін Жеңіс күні  — батыр аталарымыз бен ардақты әкелеріміздің ерлігі мен қайсар рухының жеңіс тапқан күні.  Сол кездегі мемлекеттің азаматтары ретінде өз әскери борыштарын адал ақтаған ата-бабаларымыздың рухтары пейіште шалқысын. Бүгін арамызда соғыс ардагерлері өте аз қалды, жастары келді... Бірақ тарихта мәңгі есімдерін жазып кетті, себебі әлемнің жартысын жаулап алған неміс фашистерінің сағын сындырған әскерлердің арасында  қазақ жауынгерлерінің есімдері ондаған мемлекеттердің тарихында мәңгі қалды.
Барша соғыс ардагерлеріне, мәңгілік сапарына аттанып кеткен, арамызда әлі жүрген, тыл еңбеккерлеріне, әжелеріміз бен аналарымызыға, тағзым етіп, шексіз алғысымызды білдіреміз!
Ұрпақтар жадында аталарымыздың есімдері мәңгі сақталады!

Поздравляем с 80-летием Победы в Великой Отечественной войне, которая является неотъемлемой частью Второй мировой войны. Этот день — символ мужества, силы духа и непоколебимой веры наших отцов и дедов. На фронт из Казахстана ушли более 1 200 000 солдат, больше половины не вернулись. Верные присяге, данной тому государству, где они тогда жили, они сложили головы на полях сражений той войны. Среди миллионов погибших есть тысячи и тысячи наших земляков. Многие из них пали от пуль врага, оказавшись на передовой без должной подготовки и с нехваткой оружия и неграмотного руководства командиров. Но где бы ни воевали казахстанские военные формирования, они везде  проявили настоящую доблесть. В решающие моменты войны подразделения, сформированные в Казахстане, находились в первых рядах.
Мы выражаем глубокую благодарность всем участникам войны — тем, кто ушёл, и тем, кто ещё рядом с нами, труженикам тыла, нашим бабушкам и матерям. Память о вас будет жить в сердцах потомков вечно!
 

Просмотров: 190 | Добавил: Admin | Рейтинг: 4.0/5
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: