Құрметті достар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!1995 жылы бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата Заңымыз – Тәуелсіздіктің тұғыры, мемлекеттіліктің негізі. Конституция – халқымыздың таңдауы мен еркін білдіретін, ел бірлігі мен татулығының берік кепілі болып отыр. Онда әрбір азаматтың құқығы мен бостандығы, мемлекетіміздің даму бағыты айқын жазылған. Бүгінгі мереке – бізге тәуелсіздігіміздің қадірін, заң үстемдігінің маңызын және әділетті қоғам құру жолындағы ортақ міндетімізді еске салады. Конституцияның рухы – жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, болашағымызға сенім ұялату. Осы мерейлі күнде баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығын, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Еліміз әрқашан бейбіт, берекелі, бірлігі жарасқан мемлекет болып, тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін!
Құрметпен, сайт админдері
|