13:43
Казахский голодомор.

Сегодня день памяти жертв политических репрессий и казахского Голодомора - Ашаршылык. В этой связи, предлагаю краткий отрывок из воспоминаний писателя Утебая Канахина, единственного выжившего из 12 членов семьи (перевод Сағат Жүсіп):"…от голода и бессилия в глазах темнело, еле моргаю глазами, нахожусь в беспамятстве. Смутно помню как меня как выброшенного щенка дворняжки полуживого подобрали и положили в сани, какие-то люди укутывали сверху кошмой. Оказалось, это были члены комсомольских отрядов, специально посланные в аулы подобрать и собрать хотя бы остатки живых людей. Пришел в сознание в дороге, когда остановились и дали несколько глотков какой-то еды. Невольно слушал разговор двух человек везших нас. Увидели они заброшенный и занесший снегом кыстау (зимовку). Повернули туда, видать давно туда никто не заходил и не выходил оттуда. Дорогу пришлось открыть лопатой. Зашли туда, посередине землянки стояла большая глиняная печь, вокруг лежали мертвые дети. Отец и мать с одиннадцатью детьми все померли с голоду. При этом слове парень державший вожжи горько разрыдался. В повозке кроме меня находились еще несколько детей, они тоже не могут поднять головы, слышны только их тихие стоны. Когда нас привезли в город, из 9 детей в живых остались только пятеро.

…В Иргизе нас поместили в дом для беспризорников. Здесь было очень плохо. Худющие, голодные завшивленные дети... В один из долгих зимних ночей вышел во двор по нужде. Открываю какое-то помещение похожий на склад, думал туалет. Открываю дверь, а там какие-то складированные предметы, похожие на саксаул. Вглядываюсь, а там трупы детей моего возраста. Оказывается я здесь упал и пролежал без сознания. Кто-то подобрал меня и занес в дом.

…Вспоминаю такие случаи.. Сидит рядом мальчик, кушает хлеб с молоком и вдруг начинает задыхаться, таращит глаза и бездыханно падает. Пятеро детей рядом со мной лежавших померли такой смертью.

…В начале лета вышел из больницы. Женщина казашка средних лет выдавая мне одежду расплакалась навзрыд. Спрашиваю "зачем плачете?". Женщина вытирает глаза и говорит: "Из 50 детей привезенных сюда, выжили ты и вон другой" указывая на еще одного мальчика. - Долгая у тебя будет жизнь сказала она.

…Летом вместе с другими детьми пошел на окраину города, которая называлась "Итмола". Там находилось большие углубления, откуда брали глину для кирпича. В нескольких больших ямах увидел черепа маленьких детей. Они были складированы как тизяки. Оказалось, это были умершие зимой дети. Их не могли зимой хоронить и бросали в эти ямы.

…Когда первый раз вышел в город, тогда еще был слабым, увидел такую картину: в одной улице умерший от голоду старик, в другой стонущую протягивающую руку старуху. Один раз, когда с детьми пошли собирать дикий песчаный лук увидел у колодца здоровенного молодца умершего с голоду.

Умерших с голоду людей ежедневно собирают на арбе, раздевают и выбрасывают на ров в окраине города. Умирали в основном еле дошедшие в город в поисках хлеба казахи из аулов.

…Эти воспоминания, всего часть всех моих пережитых, очевидцем которых был сам пишу по прошествии нескольких лет, тогда мне было девять лет. В Иргизе от этого голода выжило только каждый десятый, от скота - один из ста... В нашем очаге где было всего двенадцать человек, в живых остался только я...".

Автор:

Утебай КАНАХИН, писатель. журнал «Намыс».

Материал взят со страницы А.Амирхамзина

ЗҰЛМАТ

Тоғыз жасында алапат аштықты басынан кешіріп, бір үйлі жаннан жалғыз өзі тірі қалған жазушы Өтебай Қанахинның жазбасын жариялап отырмыз. Жазба оқыған адамды бейжай қалдырмасы анық.Онда былай делінген:

"…аштықтан әлім бітіп көзім қарауытып, есім бірде кірсе, бірде кірмей, тек кірпігім ғана қимылдап, жұртта қалған тастанды күшік сияқты шалажансар жатқан жерімнен ересек біреулердің тауып алып, сыртта тұрған шанаға апарып салғанын, үстіме киіз жауып қымтап жатқанын еміс-еміс білемін.

Сөйтсем бұлар аштықтан жаппай қырылып жатқан қазақ ауылдарын аралап, ең болмаса тірі қалған бала-шағаны аман алып қалу үшін қыстау-қыстауды аралап жүрген комсомол жасақтары екен.

Жолда бір жерге тоқтап, бір ұрттам ыстық ас бергенде барып есімді жинадым. Бізді алып келе жатқан екі адамның әңгімесіне құлақ түрдім. Олар бір қыстаудың есігін қар басып қалғанын көріп, күрекпен аршып үйге кіріпті. Ортасын нар пешпен бөлген үйдің кең зәменкесін айнала өліп жатқан балаларды көреді. Әке-шешесімен 11 баласы біреуі қалмай аштан өліпті. Осыны айтқанда делбе ұстаған жігіт еңіреп жылап келе жатты.

Қалқанды шананың ішінде менен басқа тағы бірнеше бала бар екен. Көбі басын көтере алмай әлсіз ыңырсиды. Бізді қалаға әкелгенде, шанадағы 9 баладан бесеуіміз тірі жеттік.

…Бізді Ырғыздағы панасыздар үйіне орналастырды. Онда тіпті қиын екен. Арықұрақ, өзі аш балаларды бит жеп өлтіргенін көзім көрді. Қыстың ұзақ түнінде таң алдында түзге шықтым. Дәретхана деп ойлап, оның қасындағы тақтай қойманың есігін ашып қалғанымда, отынға дайындаған сексеуіл сияқты төбеге дейін тіреп, жиып қойған өзім құрпы кішкентай балалардың өлі денесін көрдім. Сол жерде құлап қалыппын. Артынан біреу-міреу ішке кіргізіп тастапты.

…Нендей дерт екенін білмеймін жаңа ғана сүт ішіп, нан жеп отырған бала оқыс қисая кетіп қылғына бастайды да көзі ақшаңдап жүріп кетеді. Менімен бір кереуетте жатқан бес бала осылай өлді.

…Жазғытұрым ауруханадан шықтым. Киімді беріп жатқан орта жастағы қазақ әйелі еңіреп жылады. Мен «неге жылайсыз?» дедім. Сонда әлгі кісі көз жасын сүртіп: «Осында келген 50 баладан әне бір-екеуің ғана тірі кетіп барасың. Өмірің ұзақ болады екен» деді.

…Жаз шыққан соң балаларға ілесіп, қаланың түскей жақ шетінде «Итмола» деп аталатын тұстағы кірпіш басу үшін үңгіп қазған апанға бардым. Нән апандардың ішінде үйген тезекке ұқсатып, кішкентай балалардың басын жиып қойыпты.

Бақсам, қыста өлген балаларды көме алмай, апандағы қардың астына тастай беріпті.

…Аяғыма әрең тұрып қалаға алғаш шыққандағы көргендерім: ана көшеде аштан өліп жатқан шал, мына көшеде ыңырсып қайыр тілеген кемпір, жуа теріп құдықтың басына барғанымда аштан өліп қалған арыстай дәу жігітті көрдім.

Көшеде өліп қалғандарды күнде тәңертең арнайы адамдар келіп, жалаңаштап, тау-төбе қылып арбаға тиеп алып кетеді. Қаланың шетіндегі үлкен орға алып барып тастайды. Бұлардың бәрі ауылдан арып-ашып жеткен қазақтар еді.

…Менің бұл жазғандарым тоғыз жасымда басымнан кешкен оқиғалар. Өз көзіммен көрген сұмдықтар. Қаншама жылдан кейін есімде қалғандары ғана…

Осы аштықтан Ырғыз ауданы адамдарының оннан бірі, малының жүзден бірі ғана тірі қалды. … Бір шаңырақ астындағы үлкенді-кішілі он екі жаннан тірі қалған жалғыз мен ғана…

Автор:

Өтебай ҚАНАХИН, Жазушы. «Намыс» журналы.

 

Амандық Әмірхамзинның фэйсбуктағы парақшасынан алынды

Просмотров: 235 | Добавил: Admin | Теги: казахи, голодомор, казахстан, голод | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: