31 мамыр – Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл – сталиндік зұлмат пен ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы жаппай қасіреттер жылдарында тағдыры тапталып, өмірі қиылған немесе біржола күйреген миллиондаған қазақтарды аза тұтып еске алатын күн. Қазақ халқы үшін бұл тарихтың қасіретті беттерінің бірі ғана емес – салдары бүгінге дейін сезіліп келе жатқан ұлттық апат.
Қазақ жеріне ауыр сынақтар өткен ғасырдың 20-жылдарының басында-ақ төнді. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық алапат қуаңшылық пен егіннің шықпай қалуынан туындап, оған Бірінші дүниежүзілік соғыс пен Азамат соғысының зардаптары, сондай-ақ азық-түлік салғырты саясаты қосымша ауыртпалық әкелді. Көшпелі халықтың қолындағы азық-түлік пен малдың күшпен тартып алынуы мал басының жаппай қырылуына, шаруашылықтардың күйреуіне және бір миллионнан астам адамның қаза болуына алып келді. Қазақстанның көптеген өңірлері үшін бұл сансыз адам өмірін жалмаған, мыңдаған жетім балалар мен ойран болған отбасыларды артында қалдырған нағыз гуманитарлық апатқа айналды.
Алайда бұл қасіреттің бастауы ғана еді. Кейінгі онжылдықтарда Қазақстан қатыгез саяси қуғын-сүргіннің алаңына айналды. Мыңдаған қазақтар «халық жауы» деп жарияланып, жалған айыптармен тұтқындалды, сотсыз және тергеусіз атылды немесе лагерьлерге айдалды. Олардың көпшілігі туған жеріне қайта оралмады. Ресми деректер бойынша, 1921-1954 жылдар аралығында Қазақстанда саяси баптар бойынша шамамен 100 мың адам сотталып, олардың 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Алайда бұл қасіреттің нақты ауқымы бұдан әлдеқайда кең болды. Көптеген адамдар «хат-хабар алмасу құқығынсыз» деген үкіммен жойылды, ал бұл іс жүзінде өлім жазасымен тең еді.
Қазақ ұлттық зиялыларына қарсы жүргізілген қуғын-сүргін ерекше ауыр соққы болды. Туған халқына қызмет етуді өмірлік мұрат еткен ғалымдар, жазушылар, ақындар, мемлекет және қоғам қайраткерлері жаппай қуғынға ұшырады. Қазақ ұлтының қаймақтары репрессиялық жүйенің құрбаны болды. Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Тұрар Рысқұлов және басқа да көптеген арыстардың есімдері Қазақстанның дамуы мен өркендеуін армандаған тұтас бір буынның қасіретті тағдырының символына айналды.
Ал қазақ халқы үшін ең ауыр сынақ 1930-жылдардың басындағы алапат ашаршылық болды. Күштеп ұжымдастыру, мал-мүлікті тәркілеу және дәстүрлі көшпелі өмір салтын күйрету бұрын-соңды болмаған гуманитарлық апатқа әкелді. Миллиондаған адам аштық құрбанына айналды. Әртүрлі бағалаулар бойынша, бір жарым миллионнан үш миллионға дейін, ал кейбір ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес үш миллионнан астам қазақ қаза тапты. Бұл сол кездегі республикадағы байырғы халықтың жартысына жуығы еді. Тұтас ауылдар жер бетінен жойылып кетті. Адамдар аштықтан, аурудан және үмітсіздіктен көз жұмды. Мыңдаған отбасы туған жерін тастап, Қазақстаннан тыс аймақтардан пана іздеуге мәжбүр болды.
Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықтың салдарынан Қазақстан жүздеген мың жазықсыз жаннан ғана емес, өзінің интеллектуалдық, мәдени және демографиялық әлеуетінің едәуір бөлігінен айырылды. Ұрпақтардың тағдыры талқандалды, әулеттік сабақтастық үзілді, көптеген отбасылардың салт-дәстүрі мен тарихи жады жойылды.
31 мамыр – саяси зорлық-зомбылықтың, мемлекеттік озбырлықтың және қолдан жасалған ашаршылықтың құрбаны болған миллиондаған қазақтардың рухына тағзым ететін күн. Олардың қасіреті Қазақстан тарихындағы ең ауыр әрі ең жанға бататын беттердің бірі болып қала береді. Бұл күн адам өмірінің, бостандықтың және ұлттық қадір-қасиеттің қаншалықты қымбат екенін ұмыттырмайтын тарихи сабақ болып қала бермек.
31 мая – День памяти жертв политических репрессий и голода в Казахстане. Это день скорби по миллионам казахов, чьи жизни были искалечены, отняты или навсегда сломаны в годы сталинского террора и массовых трагедий первой половины XX века. Для казахского народа это не просто одна из трагических страниц истории — это национальная катастрофа, последствия которой ощущаются до сих пор.
Тяжелейшие испытания обрушились на казахскую землю ещё в начале 1920-х годов. Голод 1921–1922 годов был вызван катастрофической засухой и неурожаем, усугублёнными последствиями Первой мировой и Гражданской войн, а также политикой продразвёрстки. Изъятие продовольствия и скота у кочевого населения привело к массовому падежу скота, разорению хозяйств и гибели более одного миллиона человек. Для многих регионов Казахстана это стало настоящей гуманитарной катастрофой, унёсшей бесчисленное количество жизней и оставившей после себя тысячи осиротевших детей и разрушенных семей.
Однако это было лишь началом трагедии. На протяжении последующих десятилетий Казахстан стал местом жестоких политических преследований. Тысячи казахов были объявлены «врагами народа», арестованы по ложным обвинениям, расстреляны без суда и следствия или отправлены в лагеря, откуда многие уже никогда не вернулись. Только по официальным данным с 1921 по 1954 год в Казахстане по политическим статьям были осуждены около 100 тысяч человек, более 25 тысяч из них расстреляны. Однако реальные масштабы трагедии значительно больше: многие были уничтожены под формулировкой «без права переписки», что фактически означало смертный приговор.Особенно страшным ударом стали репрессии против казахской национальной интеллигенции. Были уничтожены лучшие сыны народа – ученые, писатели, поэты, государственные и общественные деятели, посвятившие свою жизнь служению родной земле. Практически весь цвет казахской нации оказался под жерновами репрессивной машины. Имена Ахмета Байтурсынова, Алихана Бокейханова, Мыржакыпа Дулатова, Магжана Жумабаева, Сакена Сейфуллина, Ильяса Жансугурова, Беймбета Майлина, Турара Рыскулова и многих других навсегда стали символами трагической судьбы поколения, которое мечтало о развитии и процветании Казахстана.
Но самым страшным испытанием для казахского народа стал голод начала 1930-х годов – 1932-1933 гг. Насильственная коллективизация, конфискация скота и разрушение традиционного кочевого уклада привели к невиданной гуманитарной катастрофе. Миллионы людей были обречены на голодную смерть. По разным оценкам, погибло от полутора миллионов казахов до трех миллионов ( по исследованиям некоторых ученых, более трех миллионов) – почти половина коренного населения республики. Целые аулы исчезали с лица земли. Люди умирали от истощения, болезней и отчаяния. Тысячи семей были вынуждены покинуть родные места и искать спасения за пределами Казахстана.
В результате репрессий и голода Казахстан потерял не только сотни тысяч невинно убитых людей, но и значительную часть своего интеллектуального, культурного и демографического потенциала. Были разрушены судьбы поколений, оборваны родовые линии, уничтожены традиции и память многих семей.
31 мая – это день, когда мы склоняем головы перед памятью миллионов казахов, ставших жертвами политического насилия, государственного произвола и искусственно созданного голода. Их трагедия навсегда останется одной из самых тяжелых и болезненных страниц истории Казахстана, напоминая о цене человеческой жизни, свободы и национального достоинства.
|