Құрметті достар, сайтымыздың қонақтары, баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – көнеден келген жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам - береке мен бірліктің,тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.  Ұлыстың ұлы күні – Наурызда адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білген. Халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен-кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын берген.Ел тыныш, бауырымыз бүтін, хал ... Читать дальше »

Просмотров: 388 | Добавил: Админ | Дата: 20.03.2021 | Комментарии (0)