Құрметті достар, Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамымен Сіздерді шын жүрегімізден құттықтаймыз! Қаһарлы қыстың ызғары қайтып, күміс күннің шуағы моншақтай шашылған осынау көктемнің көрікті күнінде баршаңыздың шаңырақтарыңызға шалқыған шаттық пен сарқылмас бақыт тілейміз. Береке мен молшылықты, жақсылық пен жаңалықты жетелеп келетін Әз Наурыз мейрамы жан дүниенің тазарып, татулықтың одан әрі нығаюына көп септігін тигізетін күн. Жаңа Барыс жылында Сіздерге мықты денсаулық, еңбектеріңізге жетістік, отбасыларыңыз бен туған-туысқандарыңызға амандық тілейміз. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, Халайық! Дорогие друзья, перевод, кажется, не требуется... Поздравляем всех с великим праздником НАУРЫЗ, пусть новый год принесет всем нам здоровья, счастья и радостных встреч!

< ... Читать дальше »

Просмотров: 2247 | Добавил: Админ | Дата: 19.03.2011 | Комментарии (0)